Алматыдан Қытайдың Чунцин қаласына жаңа тұрақты рейс ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрлігінің хабарламасына сәйкес, 23 қыркүйекте қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы – Чунцин бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады.

Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320neo ұшақтарымен орындалады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.