Алматы полициясы Наурызбай ауданындағы трансформаторлық қосалқы станциядан релелік қорғаныс терминалдарын ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады. Келтірілген залал 10 млн теңгеге жуық. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ұрлық түнде Наурызбай ауданында болған. Тергеу деректері бойынша, қылмыскерлер еркін кіру мүмкіндігін пайдаланып, энергетикалық инфрақұрылымның жұмысына тәуелді қымбат жабдықты ұрлаған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық бабы бойынша тергелуде», — деп хабарлады ПД.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілердің қатысы куәгерлердің көрсетулерімен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен расталады.
Тергеу жалғасуда. Полицейлер ұрланған жабдықты қайтару үшін қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда.
Бұған дейін «Курсив» бес қазақстандықтың Қытайға баратын пойыздардан мыс ұрлағаны туралы хабарлаған. Сот олардың бостандығын 2,5 жылға шектеген.
