Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр деген ақпаратқа байланысты экологтар тексеріс жүргізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видео қала тұрғындарын алаңдатқан болатын. Қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті зертханалық тексеру үшін су сынамасын алған.
"Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл жер суару суын тасымалдауға және жер үсті ағындарын ағызуға арналған негізгі дренаждық каналдың бөлігі болып табылады", - делінген мәлімдемеде.
Жиналған су сынамасы ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асып кетпегенін көрсеткен.
