Алматы тұрғындары мен қонақтары қала күніне орай қалалық мұражайларға тегін бара алады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Қабанбай батыр көшесі, 132 мекенжайында орналасқан Алматы мұражайы және Зенков көшесі, 24а мекенжайындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тағы жеті мұражай алаңы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.
Мұражайларда Алматы тарихына, музыкалық мәдениетке және көрнекті қайраткерлердің өміріне арналған экспозицияларды тамашалауға болады.
Бұған дейін «Курсив» Almaty Museum of Arts-та қазақстандық мүсін өнерінің тарихы қалай көрсетілгенін жазған болатын.
