Алматыда 16 қабатты тұрғын үйдің 100-ге жуық тұрғыны автотұрақта болған өртке байланысты эвакуацияланды. Олардың арасында 19 бала бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт Бостандық ауданындағы Абай даңғылындағы тұрғын үй кешенінің жерасты автотұрағында болған. Өрт ауданы 5 шаршы метрді құрады.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде оқиға орнына жетті. Құтқарушылар тұрғындарды баспалдақпен эвакуациялады.
Өртті жедел түрде жоюға мүмкіндік туды. МЧС мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін «Курсив» Атырауда ұсталған адамның полицейге басымен төрт рет соққы жасағанын жазған болатын.
