Алматыдағы дәріханалардың бірінің фармацевті ірі партиядағы күшті әсер ететін заттарды өңірлерге жеткізуді жолға қойған. Ұйымдасқан қылмыс тобының барлық мүшелерін ұстау мүмкін болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, тергеу барысында фармацевттің Алматыдан Ақтөбе облысына ірі партиядағы күшті әсер ететін препараттарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталған.
Арнайы операция кезінде полиция қылмыс тобының барлық мүшелерін ұстады. Олардың арасында ұйымдастырушы, оператор, фасовщиктер және закладчиктер болды.
Ұстау кезінде мыңнан астам күшті әсер ететін дәрілік препараттар тәркіленгені хабарланады.
«Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», – деп еске салды ІІМ өкілі Данияр Әубәкіров.
Еске салайық, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Бұған дейін «Курсив» «Трамадол» тек арнайы лицензиясы бар дәріханаларда дәрігердің рецепті бойынша ғана сатылатынын жазған болатын. Бұл психотроптық анальгетикті рецептсіз сатқаны үшін фармацевттер мен медицина қызметкерлеріне 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Егер мақала сізде алаңдаушылық тудырса, оны жасанды психологпен талқылаңыз.
