Алматы қаласының Медеу ауданында үш қабатты таунхауста жарылыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 22 қазанда Қаппаров көшесінде болды. Салдарынан екі пәтер зақымдалып, 11 және 9 жастағы екі бала зардап шекті.

«Бұған табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды. Медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді», — дейді қалалық әкімдік.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.