Алматыда Гоголь мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Береке» базары толығымен бұзылды. 2ГИС сервисінің мәліметінше, мұнда кемінде 23 сауда нүктесі болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысан рұқсат құжаттарынсыз салынғандықтан бұзылған. Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда ол талапты орындамаған соң, іс Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жіберілген.
Судья базарды бұзу туралы шешім шығарған, меншік иесі бұл шешімді өз күшімен орындаған.
Бұған дейін әкімдік 2026 жылдың басынан бері қалада 45 стихиялық сауда ошағы анықталғанын, онда 1211 адам жұмыс істегенін хабарлаған. 19 маусымдағы жағдай бойынша оның 27-сі жабылған. Қалған нүктелер негізінен ірі базарлардың маңында, соның ішінде «барахолка» аймағында шоғырланған.
Бұған дейін «Курсив» Алматыдағы Никольск базарының жұмысына заңсыз тыйым салуды алып тастау оқиғасының қалай аяқталғанын жазған. Базарды шетелдіктерге сатпақ болған, бірақ алаяқтық әшкереленіп, оны ұйымдастырушылар сотталған.
