Алматыда 3 қыркүйекке қараған түні Жұбанов көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, шектеулер 3 қыркүйек сағат 23:00-ден 4 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Отеген батыр көшесінен Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қолданылады.
Бұл учаскеде асфальтбетон жабынының үстіңгі қабатын төсеу жоспарланған. Жұмыс кезінде ескерту жол белгілері орнатылады.
Әкімдік жөндеу мерзімдері ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Қозғалыс шектеулері туралы ақпарат AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» сервистерінде жарияланады.
Бұған дейін «Курсив» 6 қыркүйекте Алматыда қала күніне орай GT SPORT FEST спорттық фестивалі өтетінін жазған болатын. Іс-шараға байланысты Төле би көшесі Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта 00:00-ден 23:00-ге дейін толығымен жабылады.
Сондай-ақ, бұған дейін Kursiv LifeStyle Алматыдағы Момышұлы даңғылында ЛРТ құрылысы аясында тағы қандай жұмыстар атқарылатынын жазған болатын.
