Алматының Алмалы ауданында полицейлер екі әйел ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтерді анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір осы «публичный дом» жұмыс істеген барлық жағдай тексеріліп жатыр.
«Желтоқсан көшесіндегі пәтерде Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны және Қостанай облысынан келген 20 жастағы танысы болды. Екеуі де жезөкшелікпен айналысқанын мойындады. Олар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде», — деп хабарлады полицияда.
Ведомство нақтылағандай, егер пәтер иесі өз баспанасының жезөкшелікпен айналысу үшін пайдаланылып жатқанын білгені анықталса, ол да жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін полицейлер жалдамалы пәтерде секс-қызмет көрсету притонын ұйымдастырды деп күдіктелген тағы төрт әйелді тапқан болатын.
Бұрынырақ «Курсив» Алматыда 2026 жылдың басынан бері интимдік қызмет көрсетілген 430 пәтер анықталғанын жазған. Үй-жай иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шамамен 750 әйел профилактикалық есепке қойылды.
