Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы шұғыл хабарлама келді. Алматылықтар жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібіне сәйкес ғимараттардан жаппай шыға бастады. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі жер асты дүмпуі болғанын растады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ ресми хабарламасы

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. ТЖМ-нің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмостанциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

«Алдын ала ақпарат бойынша сейсмикалық оқиға Алматы қаласында болған», – делінген хабарламада.

Ошақтың орналасқан жері

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан.

Қай елді мекендерде сезілді

Жер сілкінісі мына елді мекендерде сезілген:

  • 01Қарасай қаласы (Қаскелең) – 2-3 балл;
  • 02Боралдай ауылы – 2-3 балл;
  • 03Өтеген батыр ауылы – 2 балл.

Бұған дейінгі ақпарат

Бұған дейін таңертең құтқарушылар сейсмикалық оқиғаны тіркеп, Алматыда оның «сезілмегенін» хабарлаған.