Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасына жарияланды. Мәліметке сүйенсек, кәмелет жасқа толмаған қыз Nest Grand тұрғын үй кешенінің аумағына шамамен 17 қарашада Шаляпин көшесінен келіп кірген. Одан кейін өзгелердің күдігін тудырмай, 6-блокқа өткен.

18 қарашада бойжеткен ғимараттың жоғарғы қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Анықталғаны, ол бұл тұрғын үй кешенінде тұрмаған.

«Осы факті бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — делінген қалалық ПД хабарламасында.»