[ad_1]

Алматыда жігітті соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Оның кадрларында жігітті ұрып-соғу әрекетін көруге болады. Видеоға түсірген адам жәбірленушінің бетінен ұрмауға кеңес береді.

«Зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.»

Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші қатысушы ұсталып, қамалған. Алайда істің жай-жапсары айтылмайды. Тергеу жалғасып жатыр.

[ad_2]