Әлеуметтік желіде екі адамның арасындағы жанжалдың жаппай төбелеске ұласқаны туралы видео тарады. Одан бір адамның талып қалғанын көруге болады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін Алматы қаласында болған.

«Аталған факті бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысқандар анықталып, ұсталды, — деп мәлімдеді ведомство.»

Сондай-ақ қалалық ПД баспасөз қызметі олардың әрқайсысының іс-әрекетіне жекелей құқықтық баға берілетінін атап өтті.