Алматыда полицейлер жалдамалы пәтерден интимдік қызмет көрсетуге арналған притон ұйымдастырды деп күдіктелген төрт әйелді анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, болжамды «публичный дом» туралы ақпарат «102» пультіне түскен.
Оқиға орнына «Буран-220» патрульдік экипажы барған. Пәтерде 20 мен 35 жас аралығындағы әйелдер болған. Олардың барлығы Алматыға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген.
«Алдын ала анықталғаны, әрқайсысы өз рөлін атқарған — біреуі әкімшілікпен айналысса, екіншісі өтінімдерді қабылдаған, тағы екеуі, болжам бойынша, интимдік қызмет көрсеткен», — деп хабарлады департаментте.
Қазіргі уақытта полицейлер құпия мекеменің жұмысын кім ұйымдастырғанын және ол қанша уақыт жұмыс істегенін анықтап жатыр.
Бұған дейін «Курсив» Алматыда 2026 жылдың басынан бері полицейлер интимдік қызмет көрсетілген 430 пәтерді анықтағанын жазған. Үй-жай иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шамамен 750 әйел профилактикалық есепке қойылған.
