Алматыда заңсыз сауда жасаған 45 базар анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тексеру барысында 45 базардың заңсыз сауда жасағаны анықталды. Оның 28-і уақытша жабылды. Қалған базарларға ескерту жасалды.
Тексеру жұмыстары жалғасуда. Әкімдік тұрғындарды тек рұқсат етілген орындарда сауда жасауға шақырады.
