27-нен 28-не қараған түні Алматыдағы Almaty Museum of Arts (ALMA) фасады түрлі-түсті шеңберлермен жарқырап, аты аңызға айналған жапон суретшісі Яёи Кусаманы еске алу шарасы өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Музейдің түсіндіруінше, шеңберлер — Кусама шығармашылығындағы ең танымал мотивтердің бірі.

Яёи Кусама 14 тамызда Токиода 98 жасында қайтыс болды. Ол қазіргі заманның ең танымал суретшілерінің біріне айналды. Оның туындылары шексіздік, кеңістік және өнерді қабылдау тақырыптарымен байланысты.

Almaty Museum of Arts — Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі Кусаманың туындылары тұрақты коллекцияға енген жалғыз музей.

Қазіргі уақытта келушілер оның 2013 жылы жасалған LOVE IS CALLING инсталляциясын көре алады. Ол әйгілі Infinity Mirror Rooms цикліне кіреді. Кеңістік ішінде нүктелі жарқыраған пішіндер бар, ал суретшінің дауысы махаббат, мәңгілік және адам өмірі туралы өлең оқиды.

2027 жылы музей коллекциясында Кусаманың тағы бір туындысы — 2023 жылғы Aspiring to Pumpkin’s Love, the Love in My Heart қола мүсіні пайда болады. Ол суретшінің ең танымал бейнелерінің бірі — асқабаққа арналған.

ALMA-да жарық проекциясы Кусаманың туындыларын көшірмейтінін атап өтті. Ол суретшіні еске алу үшін, оның шығармашылығы мен шексіздік тақырыбынан шабыттанып жасалған.

«Яёи Кусама әлемге қарапайым формалардан шексіздікті көруді, ал өнерден ем табуды үйретті. Біздің аймақта оның шығармашылығын ұсынатын институция болу — үлкен артықшылық пен жауапкершілік», — деді ALMA коммуникациялар жөніндегі жетекшісі Гаухар Сатпаева.

Оның айтуынша, жарық проекциясы туындылары мен дауысы музейде өмір сүруін жалғастырып жатқан суретшіге құрмет белгісі болды.