Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде тамақтан уланған 58 оқушының барлығы ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басқарманың мәліметінше, 12 қазаннан бастап стационарға барлығы 58 бала жатқызылған. «Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың барлығы ауруханадан шығарылды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін оқушылардың жаппай улануына байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған болатын. Кейін мектепте санитарлық талаптардың сақталмағаны белгілі болды.
