Алматыда велоспорттан әлем чемпионатына байланысты көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді.
Жол қозғалысындағы өзгерістер
- 01Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
- 02Сағат 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Бұл шаралар жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Жүргізушілерден өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Жарысқа қатысушылар
Жарысқа 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады. Қатысушылар үшін 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түседі.
