Алматыда тұрғын үйде өрт болып, 148 адам құтқарылды, біреуі қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 24 тамызда болған. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, тұрғындарды эвакуациялады. Құтқарушылар 148 адамды қауіпсіз жерге шығарды, алайда бір адам көз жұмды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тиісті органдар тергеу амалдарын жүргізуде.