Алматы қаласындағы трансформаторлық қосалқы станцияда өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде ашық жалын анықталған және өрт күшейіп бара жатқан. Оқиға орнында өртті сөндіру штабы құрылды. "ТЖД күштері мен құралдары өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, көбік және су шашылды", - деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралар арқылы ашық жалын сөндірілді және оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ, дейді министрлікте.