Алматыда ЛРТ жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір учаскесінде уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 10 және 11 қазан күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Саина көшесінен бастап шығыс бағыттағы АЗС-ке қарсы учаскеде қозғалыс шектеледі.

Жұмыс барысында Төле би көшесінің қарсы бетінде реверсивтік қозғалыс ұйымдастырылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Әкімдік тұрғындарды маршрутты алдын ала жоспарлауға шақырады.

Бұған дейін «Курсив» Абылай хан даңғылы ЛРТ салдарынан бір тәуліктен астам уақытқа жабылатынын жазған болатын.