Алматының Алмалы ауданында Тлендиева көшесінде жеңіл автокөлік өртенді. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өртті сөндіру үшін құтқарушылар ауа-механикалық көбікті пайдаланды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін «Курсив» Ақмола облысында жол жұмысшыларын жеңіл автокөліктің қағып кетуі салдарынан бір адамның қаза тапқанын және екі адамның ауруханаға түскенін жазған. Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы тас жолында болған.
