Алматыда 19 және 21 жастағы екі қыз TikTok желісіндегі бірлескен тікелей эфир барысында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысты жазба авторынок аумағында түсірілгені анықталды. Полицейлер қатысушылардың жеке басын анықтап, материалдарды сотқа жолдады. Сот шешімімен қыздардың әрқайсысына бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция өкілдерінің айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзу әлеуметтік желілерде де жауапкершіліктен босатпайды. «Қоғамдық кеңістік, оның ішінде әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жағдайда құқыққа қайшы мінез-құлық тіркеліп, қатысушылардың жеке басы анықталды, содан кейін материалдар сотқа жіберілді. Әкімшілік жаза шарасы туралы шешімді сот қабылдады», — деді полицияда.
Полиция әлеуметтік желілердегі қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері де жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.
Бұған дейін «Курсив» Астанада жасөспірімнің ата-анасына сынған аялдама үшін шығынды өтеу міндеттелгені туралы жазған болатын.
