Алматыда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін кеңейту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде тарихи, сәулеттік және мәдени құндылығы бар 27 нысан іріктелді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іріктелген нысандар
Олардың қатарында: Satbayev University бас оқу ғимараты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректораты, Ұлттық банк ғимараты, бұрынғы Кеңестер үйі, Орталық саябақтың аркасы, Орталық әмбебап дүкеннің ескі ғимараты, Республика алаңы бар.
Комиссия жұмысы
Арнайы комиссия іріктелген нысандардың тарихи және сәулеттік құндылығын, сондай-ақ қазіргі жағдайын бағалайды. Зерттеу нәтижесінде олардың қайсысын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізу ұсынылатыны анықталады.
Қазіргі жағдай
Қазіргі уақытта Алматыда мемлекет қорғауында 160 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Оның 34-і республикалық, 126-сы жергілікті маңызы бар нысандар.
Тарихи мұраны сақтау үшін ескерткіштердің айналасында қорғау аймақтары белгіленіп жатыр. Бұл аумақтарда жаңа құрылыс жүргізуге шектеу қойылып, тарихи ғимараттарды сақтауға мүмкіндік беріледі.
