Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды полиция. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кешкі уақытта есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданында, Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстады.

Тексеру кезінде одан 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ табылды.

Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта полицейлер қарудың қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр.

Әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған. Алайда бұл мәліметтің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіндігі тексеріліп жатыр.

Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.