Алматыда жолаушыға тіл тигізген такси жүргізушісі жеті тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға кезінде таксиге кішкентай баласы бар келіншек отырған. Оның айтуынша, баласы аяғын есікке тигізген. Бұған 53 жастағы жүргізуші ашуланып, жолаушыға тіл тигізе бастаған.

Мәселені сабырмен шешудің орнына жүргізуші жолаушыларды түсіргеннен кейін де балағат сөз айтқан. Ал әйел бәрін ұялы телефонына түсіріп үлгерген.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берді. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды полицейлер.

Тәртіп сақшылары адамды қорлауға, әсіресе балалардың көзінше қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтынын ескертті.