Алматыда такси жүргізушісі үндістандық туристерді әуежайдан қалаға жеткізгеннен кейін олардан жолақы ретінде 150 доллар талап еткен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Туристер келіспегендіктен, полицияға жүгінген. Полиция тексеру барысында жүргізушіні жедел анықтап, заңсыз алынған қаражатты шетелдік азаматтарға толық көлемде қайтарған.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданды.

Алматы полициясы жолаушыларды, оның ішінде қала қонақтарын алдап, заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекетке қатаң тыйым салынатынын ескертті.