Алматы қаласында соңғы рет 80 жыл бұрын тіркелген аптап ыстық болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
16 шілдеде қалада ауа температурасы +38 градусқа дейін жеткен болатын. Сол кезде 1976 жылғы рекорд (+36,1 градус) жаңартылса, 17 шілде күні 81 жыл бұрын, яғни, 1945 жылы дәл сол күні болған температурадан (+37,4 градус) да асып түсті.
Өткен жұма күні Алматыда +39,2 градус ыстық тіркелді. Ал 18 шілдеде сынап бағанасы +40 градусқа дейін көтерілді. Осы күнгі температуралық рекорд 1997 жылы болған. Сол кезде +39,7 градус тіркелген. 19 шілде күні +41,2 градус болса да, 1983 жылғы рекордтан (+43,4 градустан) асқан жоқ.
Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады
Бүгін Алматыда тағы ыстық, сынап бағанасы +40...+42 градусқа дейін көтеріледі. Ал желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрден аспайды. Бірақ ертең және арғы күні жаңбыр жауады.
21 шілде күні көшпелі бұлт жүріп, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Түнде +24...+26 градус, ал күндіз +35...+37 градус ыстық.
22 шілдеде ара-тұра жаңбыр жауады, түнде ауа температурасы +22...+24 градус, күндіз +28...+30 градус.
