Алматыда барлығы 843 электр сиренасы бар, бұл 100% қамтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5.5 баллдан асатын тербелістерді тіркеген кезде іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында айтты.

««Тиісінше, 4-тен 5 баллға дейінгі дүмпулер тіркелген кезде сиренаны қосу қажет емес. Ол дүрбелең тудырар еді», — деп түйіндеді сөзін спикер.»

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • 01Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • 01Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • 01Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • 01Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • 01Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • 01Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • 01Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • 01Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • 01Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • 01Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.

qazaqyia.kz/