Алматыда түнгі уақытта электросамокатпен келе жатқан 44 жастағы ер адам жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, алған жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Варламов көшесінде Төле би даңғылына жақын маңда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам электросамокатты тізгіндей алмай қалып, жол жиегіндегі тасқа соғылған.
Қатты құлап, салдарынан ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жетіп, ер адамға медициналық көмек көрсетті.
Дәрігерлер бірнеше минут бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, алған жарақаттары салдарынан ер адам көз жұмды. Алдын ала ақпарат бойынша, ол самокатпен жүрген кезде шлем және өзге де жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
