Алматыда қоғамдық орында қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Бостандық ауданында болған. Ер адам қоғамдық орында қызбен танысуға әрекет жасаған, бірақ қыз оған келіспеген. Содан кейін ер адам оның үстіне су шашып, артынша әдепсіз қылық танытқан.
Қыз полицияға арызданған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстаған. Бұл туралы полиция хабарламасында жазылған.
Аталған факті бойынша ұсақ бұзақылық дерегімен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттерге жол бермеуді ескертеді. Мұндай әрекеттер ҚР Әкімшілік кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
