Алматыдағы тұрғын алаптарының бірінде қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция басқармасының қызметкерлері қаруды тәркілеп, оның қоқыс арасына қалай түскенін анықтады. Белгілі болғандай, тіркелген мылтық жеке қоймада сақталған. Ал қойманы оның күйеу баласы сатып жіберген.

«Жаңа қожайындар ғимаратты қоқыстан тазарту кезінде мылтықты да қажетсіз заттармен бірге лақтырып жіберген. Енді осы іске қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — дейді полиция.

Оның ішінде қаруды тиісті жағдайда сақтауға міндетті иесінің және мылтықтың қоқысқа тасталуына жол берген адамның жауапкершілігі қаралады.

Алматы полициясы күдік тудыратын заттар туралы дер кезінде хабарлау ықтимал қауіптің алдын алып, оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін еске салады.