Алматыда қазақ қыздарының намысына тиетін сөз айтқан екі шетел азаматы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға Threads әлеуметтік желісінде болған. Шетелдіктердің жариялаған жазбасы қоғамдық талқыға түсіп, көпшіліктің наразылығын тудырған еді.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасы екі шетелдікке қатысты дереу әкімшілік іс қозғаған.
««Аталған азаматтардың әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп пен заңнама талаптарын бұзып, әдепсіз сөздер айтқаны анықталды. Іс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Сот шешімімен екі құқық бұзушы да 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген полиция хабарламасында.»
—
Фото: Әлеуметтік желіден
