Фото: Александр Павский/Kazinform

Бүгін, 23 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Қаралы жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және отбасы, сондай-ақ, қала тұрғындары жиналды.

Еске сала кетейік, актер Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Ол қазақ киносы мен театрының алтын қорына енген ондаған рөлді сомдап, бірнеше буын актердің қалыптасуына үлес қосты.