Алматыда аңызға айналған Панфилов дивизиясының құрылғанына 85 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шара барысында қатысушылар 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. 1941 жылы 12 шілдеде небәрі екі апта ішінде 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Кейін Мәскеуді қорғауда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін дивизияға оның қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың есімі берілді.
Еске алу шарасына ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты. Олар Панфилов дивизиясының ерлігін еске алып, тарихи маңызын атап өтті.
