Алматы полициясының жоспарлы оқу-жаттығуы барысында жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Ведомство әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екендігі туралы мәліметтерді жоққа шығарды. "Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.
