Алматыда Меладзе концертінде шу шығарғандар жауапқа тартылды, деп хабарлады полиция. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Анықталғандай, іс-шара барысында көрермендер арасында жанжал туындаған. Оларды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері концерт өтетін алаңнан сыртқа шығарған.

Оқиғаға қатысқан үш әйел анықталды. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары.

Біреуі сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. Екіншісіне қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды.

Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды, делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, концерттің тоқтатылғаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жариялаған аккаунт иесі анықталып, жалған ақпарат таратқаны үшін оған әкімшілік айыппұл салынды.

Концерт тоқтатылмай, штаттық режимде жалғасқан.