Алматы қаласында 97617 әскери бөлімінің дивизион командирінің орынбасары майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков сағызға қақалып, тыныс ала алмай қалған қызды құтқарып қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Достық» дүкенінде болған. Бір қыз кенеттен сағызға тұншығып, тыныс ала алмай қалған. Жанында тұрған майор Сәрсенбеков бірден көмекке ұмтылып, алғашқы көмек көрсеткен. Осының арқасында қыздың тыныс алуы қалпына келген.

Майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбековтің дер кезінде әрі батыл әрекет етуі қайғылы жағдайдың алдын алды. Әскери бөлімнің басшылығы майордың әрекетін атап өтіп, оның адамгершілігі мен айналасындағыларға деген жауапкершілігін жоғары бағалады.