Алматыда полиция ағаштың көлікке құлау жағдайын анықтап жатыр. Мегаполис ПД хабарлауынша, оқиға күндіз Алмалы ауданында болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ағаштың құлауы салдарынан көлік механикалық зақым алды. Бақытына орай, оқиға кезінде көлік салонында адамдар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келді, факт тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады», — делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін «Курсив» 16 маусымда Алматыға қатты жел, шаңды дауыл және қатты жаңбыр жауғанын хабарлаған. Ауа райының қолайсыздығынан қаланың әртүрлі аудандарында ағаштар мен ірі бұтақтар құлап, тұрған көліктерге зақым келтірген.
Көлікке ағаш құлаған жағдайда шығынды кім өтеуі керек және өтемақы алу мүмкіндігін қалай арттыруға болатыны туралы осы жерден оқуға болады.
