Алматыда Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқықтары бұзылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған. Прокуратураның мәліметінше, оқу орнының 676 студентіне тиесілі 50 млн теңге шәкіртақы төленбеген.
«Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, берешек толығымен өтелді», — дейді прокуратура. 676 студенттің құқықтары қалпына келтірілді.
Бұған дейін жалған студенттерге шәкіртақы аударып, қалтасына басқан басшы ұсталғаны туралы хабарланған болатын.
