Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «112» пультіне Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Мынбаев көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Алдын ала ақпарат бойынша, өрт екінші қабаттағы пәтердің балконында басталып, кейін жапсарлас орналасқан көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына таралған.
ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жеткізілді.
Өрттің мән-жайы мен шығу себебі анықталып жатыр.
