Алматыда жүргізуші кішкентай баланы рөлге отырғызған.

Оқиғаның видеосы желіге шықты. Видеодағы жазбада ата-аналар балаларын алдына алып, Әл-Фараби даңғылының бойымен сағатына 70-80 жылдамдықпен жүргені жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі тексеріс шараларын бастады.

«Баланың көлік жүргізуіне жол берген жауапсыз ата-ана міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Алматы полициясы жол ережесін қатаң сақтау және жауапкершілік деңгейін арттыру талабын тағы еске салады Жол қателікті кешірмейді» — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.