Кәсіби спортышлар Алматыда кәсіпкерлерді үркітіп-қорқыта отырып, тонаумен айналысқан. Қылмыстық топтың топ ұсталды. Бұл туралы Todayinfo агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық ПД ҰҚҚКБ ҚР ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау іс-шарасын жүргізді.

Қылмыстық топтың құрамында еліміздің Pop MMA спортшылары да болған.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.