Алматыда полицейлер есірткі жарнамасын қалалық қоршауға жазу кезінде ер адамды ұстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, ол тапсырманы Telegram-арна арқылы алып, оны орындағаны үшін ақша уәде етілген.
Ер адамды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Болған оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Полицейлер схеманың басқа қатысушыларын, соның ішінде тапсырма берген және жазуларды орналастыруды ұйымдастырған адамдарды анықтап жатыр.
«Жылдам ақша уәдесі жауапкершіліктен босатпайды», — деп ескертті полицияда.
Алматы полиция департаментінде есірткі жарнамасын жазу бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.
Бұған дейін «Курсив» Алматыда TikTok эфирінде балағат сөздер айтқаны үшін екі қыздың бес тәулікке қамалғанын жазған болатын.
