Алматыда досымен бәстесіп, сұлулық салонының әйнегін сындырған ер адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға Медеу ауданының тұрғындарынан хабарлама түскен. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам салонның сыртқы әйнегін сындырып, ішке кіріп кеткен. Полиция күдіктіні сол жерде ұстады.

Ер адамның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Ал бұл әрекетке не себеп болғанын сұрағанда, ол досымен "әйнекті сындырып, салонға кіре аламын" деп бәстескенін айтқан.

Семейде ер адам домофон мен камераны қасақана сындырған. Бұл туралы 6 қазан күні хабарланған.