Алматыда екі блогер әлеуметтік желілердегі әдепсіз видео мен былапыт сөздері үшін әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мегаполистің полиция департаментінде видео материалдардың әдепсіз екенін, сонымен қатар былапыт сөздерді қамтығанын айтты.

Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ногайбаев қазақстандық блогерлерге, стримерлерге және әлеуметтік желі қолданушыларына тікелей эфирлерде, сторис пен рилстерде сөйлеу мәнерін қадағалауды сұрады, өйткені олар да қоғамдық кеңістік болып саналады.

«Әлеуметтік желі қолданушылары жарияланатын материалдар мен мәлімдемелердің мазмұны үшін әкімшілік қамауға дейінгі жауапкершілік қарастырылғанын түсінуі керек», — деп атап өтті ол.

Былапыт сөздер қолданатын блогерлерді полиция бүкіл Қазақстан бойынша белсенді түрде қудалауда.

Бұған дейін «Курсив» Абай облысында 26 жастағы стримершаның тікелей эфирде былапыт сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық танытып, есірткіні атағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынғанын жазған. Алматы облысында 22 жастағы автор қоғамдық мінез-құлық нормаларына ашық түрде құрметсіздік танытқаны үшін бес тәулікке қамауға алынды. Ал Павлодар тұрғыны тікелей эфирде аналарға бағытталған былапыт сөздер айтқаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды.