Алматыда Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Арнайы операция барысында бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотталған екі ағайынды ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, күдіктілердің екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. "Полиция екі қорап пен үш пакет есірткі затын, сондай-ақ каннабис тобына жататын 26 түп өсімдікті тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттардың арасында 100 келіден астам кептірілген марихуана мен 13 келіден астам гашиш бар", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
