Алматыда бүгін аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляцияның салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Металдан жасалған композиция әйгілі музыкалық ұжым мүшелерінің ортақ көркем образын сомдайды. Инсталляцияның биіктігі – 1,8 метр, ені – 3,5 метр. Арт-нысан Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы жаңартылған Масанчи көшесінде орналасқан.
Инсталляцияның басты ерекшелігі – интерактивті аудиожүйе. Арнайы батырманы басу арқылы келушілер «Дос-Мұқасан» тобының танымал әндерін тыңдай алады. Осылайша, нысан қаланың көркемдік кеңістігін толықтырып қана қоймай, ашық аспан астындағы музыкалық алаңға айналады.
Арт-инсталляцияның Алматыда орнатылуы тегін емес. 1967 жылы қалада Қазақ политехникалық институтының студенттері Досым Сүлев, Мұрат Құсайынов, Камит Санбаев және Александр Литвинов вокалды-аспаптық ансамбль құрды. Кейін бұл ұжым Қазақстандағы ең танымал музыкалық топтардың біріне айналды.
Арт-инсталляцияның салтанатты ашылуы 22 қазанда сағат 14:00-де өтеді.
