Алматының Бостандық ауданында қыркүйек айына дейін бос жерлерде 20 саябақ жабдықтау жоспарланған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық кеңістіктер әл-Фараби даңғылы, Шашкин, Попов, Тимирязев көшелері және басқа да жерлердегі бос жерлерде пайда болады. Барлығына 3 млрд теңге жұмсалады.

«Жобалар алаңдар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды, балалар ойын алаңдарын салу мен жаңғыртуды, көше инфрақұрылымын жаңартуды, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін қаптауды, сыртқы жарықтандырудың мачталы тіректерін орнатуды, сондай-ақ ауданды абаттандыру бойынша бірқатар басқа іс-шараларды қамтиды», — деп атап өтті ведомствода.

Мысалы, Радовец көшесінде шамдар қойылып, өнер көрсету алаңы мен субұрқақ жасалады. Сонымен қатар, қоғамдық кеңістікте балалар мен спорт алаңдары пайда болады.

Барлық жобалар осы ауданда жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының есебінен жүзеге асырылады. Әкімдік өкілі атап өткендей, бұл әлеуметтік бастама оларға ешқандай жеңілдіктер немесе артықшылықтар бермейді. Абаттандыру орындарын билік таңдайды және олар осы компаниялар салып жатқан тұрғын үй кешендерінен алыс болуы мүмкін.